Жаз басталғалы облыс тұрғындарын шыбын-шіркей әбігерге салды. Биыл өңірде маса әдеттегіден көбейіп кеткен. Салдарынан ауыл тұрғындары далада мал жайып, сиыр сауу қиындады, дейді.

Алияр Жұпархан 16 жылдан бері Қызылжар ауданындағы Бәйтерек ауылының малын бағады. Елді мекен тұрғыны биылғыдай масаны бірінші рет көріп тұрғанын айтады. Күн тымық болса, қансорғыш тіптен көбейіп, малдан маза қашады.

СНХ: ӘЛИЯР ЖҰПАРХАН, МАЛШЫ


Ал облыс орталығында дезинсекцияға 20 млн теңге бөлінді. Негізінен адам көп жүретін саябақтар мен қаланың шеткі аудандары қамтылады. Мамандардың айтуынша, су тасқынының да әсері бар. Шыбын-шіркей ылғал көп болған жерде тез өседі.

СНХ: БЕРДІМҰРАТ БАЙМҰҚАН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМДІГІ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ


Биыл теріскейде жаздың басы жаңбырлы болды. Қалалық әкімдік өкілдерінің айтуынша, ауа райының қолайсыздығы залалсыздандыру жұмыстарына кедергі келтіріп тұр. Қыркүйек айына дейін 2 мың гектар жерде зиянкестерге қарсы препараттар егілуі тиіс.