Петропавл оранжереясы қызылжарлықтарды тағы таңғалдырды. Мұнда 200 жылдық пальма ағашы жеміс берді. Тарихы ерекше құрма пальмасының өнімі биыл мол. Ботаникалық бақтың жылыжайында біздің түсірілім тобымыз болып қайтты.
Өнім берген дәл осы пальманың тұқымын 1975 жылы қажылық сапарға барған имам Меккеден әкелген. Пальма ұзақ уақыт бойы ескі қаланың Қасым мешітінде өсірілп, кейіннен қысқы баққа отырғызылған.
СНХР: АРТУР РЯЗАПОВ - БОТАНИКАЛЫҚ БАҚ ДИРЕКТОРЫ
Келушілерге жемістер көрінбейді. Олар 22 метр биіктікте пісіп жетілді. Әдемі кадрлар үшін біздің телеоператор жылыжайдың ең жоғары бөлігіне көтерілді. Құрма пальмасы жыл сайын жеміс береді, бірақ биылғы жемістер-ерекше.
СНХР: АРТУР РЯЗАПОВ - БОТАНИКАЛЫҚ БАҚ ДИРЕКТОРЫ
Биыл күннің жарығы жеткілікті болды, сондықтан пальма бізді таң қалдырды. Ботаникалық бақ – жер шарының түкпір-түкпірінен әкелінген өсімдіктер әлемінің өкілдері шоғырланған таңғажайып мекен. Солтүстік аймақтың інжу-маржаны қонақтарын таңғалдыруды тоқтатпайды.