Еңбек нарығында жұмысшы мамандықтарына деген сұраныс артып отыр. Бүгінде кәсіпорындарда білікті кадрлар жетіспейді. Осы ретте ірі өндіріс ошақтары өздеріне қажетті мамандарды даярлауға машықтанған.
Мәселен, жергілікті кәсіпорынның бастамасымен құрылған Бескөл мектеп-колледжінен биыл 37 студент түлемек. Жыл сайын мұнда 50 бала оқуға түседі. Қазіргі таңда оқу орнында 83 студент «Бағдарламамен басқарылатын жабдық операторы» мамандығы бойынша білім алып жатыр. Мұнда дуалды оқыту жүйесі енгізілген. Теория мен практиканың үйлесімі жастарды нақты еңбек нарығына бейімдеуге жол ашады. Студенттер уақыттың 70-80 пайызын өндірісте өткізіп, нақты тәжірибе жинайды. Қалған бөлігі теориялық білімге арналған. Оқу – тегін. Шәкіртақы, тамақ пен жол шығындары өтеліп, практика кезінде қосымша ақы төленеді. Түлектер оқуын тәмамдаған соң жұмысқа орналасу 100% кепілдендірілген. Бұл – жастарды өндірістік мамандыққа бейімдеудің тиімді тәсілі.
СНХР: АЛЕКСАНДР БОДУНОВСКИЙ, «БЕСКӨЛ МЕКТЕП – КОЛЛЕДЖІ » ЖШС ДИРЕКТОРЫ