31 мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. 1997 жылдан бері бұл дата жер аударуға және ашаршылыққа ұшыраған миллиондаған адамға тағзым ету күні болып аталып өтеді. Петропавлда жұртшылық саяси қуғын сүргін құрбандарына арналған мемориалдық тақта гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.
Зерттеушілердің деректеріне сүйенсек, 1927-1953 жылдар аралығында Қазақстанда 100 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырап, 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілген. 1993 жылы елімізде «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заң қабылданды. Бұл құжат негізінде көптеген жазықсыз жапа шеккен азаматтардың есімдері ақталды.
СНХ: ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН, ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Саяси қуғын сүргін құрбандарына арналған мемориалдық тақтада Бақыт Нұрышеваның нағашы атасы Жүсіп Айсиннің есімі жазылған. Немересінің айтуынша, ол өте білімді, алғыр, бірқатар лауазымды қызметті атқарған азамат болған.
СНХ: БАҚЫТ НҰРЫШЕВА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ
Ал, Серік Хамидуллин арнайы Астана қаласынан келген. Атасы Хамидулла Сәдуақасов діни қызметкер болған. Ол 1937 жылы ату жазасына кесіліп, тек 1990 жылдары ғана есімі ақталған.
СНХ: СЕРІК ХАМИДУЛИН, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Айта кетейік, облыста 14 274 адам қуғын сүргінге ұшыраған. Қазіргі таңда жазықсыз жапа шеккен есімдерін анықтау және ақтау жұмыстары жалғасып жатыр.