Петропавлда нашақорлыққа қарсы күрес айлығы басталды. Осыған орай бүгін 120-дан астам қала тұрғыны мен велоспортшылар жаппай велошеруге қатысты.

Велошерудің басты мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттап, зиянды әдеттердің, соның ішінде нашақорлықтың алдын алу. Іс-шараны облыстық спорт басқармасы ұйымдастырып отыр.

СНХ: ЕРКІН АХМЕТЖАН, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ


Велошеру С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана алдынан басталды. Қатысушылар жалпы ұзындығы үш шақырымдық қашықтықты бағындырды.

СНХ: ОЛЕГ СЫСОЛЯТИН, ВЕЛОШЕРУГЕ ҚАТЫСУШЫ


Нашақорлыққа қарсы күрес айлығында ұйымдастырушылар барлық қала тұрғындарын осындай спорттық іс-шараларға белсенді қатысуға шақырады.