Сәбит Мұқанов атындағы Қазақ сазды драма театрында жаңа премьера — «Смағұл шыңы» атты спектакль сахналанды. Қойылым Алаш қайраткері, ағартушы, мемлекет және қоғам қайраткері Смағұл Садуақасовтың 125 жылдығына арналды. Тың туындыны көрермен ыстық ықыласпен қабылдады.
Сахналық туындыда Смағұл Садуақасовтың ел үшін жасаған еңбегі, оның күреске толы тағдыры мен әділетсіздікке қарсы тұрған қайсар мінезі суреттеледі. Жас актер Нұрбол Асқаров басты рөлді сомдап, көрермен жүрегінен орын алды.
СХРН: Нұрбол Асқаров – актер
Пьеса авторы — Баянғали Әлімжан. Ол «Смағұл ішкен у» өлеңі негізінде жазылған. Қойылымды ҚР еңбек сіңірген қайраткері, режиссер, актер, профессор Бекболат Құрманғожаев сахналады. 25-ке жуық актер қатысқан бұл қойылым 1 сағат 15 минутқа созылады
СХРН: Бекболат Құрманғожаев – режиссер
Тоталитарлық жүйе мен Голощекиннің қысымына қасқайып қарсы шыққан ұлт қайраткері Сұмағұл Садуақасовтың ғұмыры қысқа болды. Бірақ халқының мүддесі үшін қасық қаны қалғанша аянбай күрескен қоғам қайраткерінің рухы мен арманы ұлт жүрегінде мәңгілік сақталады. «Смағұл шыңы» — сол рухтың асқақ символына айналды.