Балаларды қорғау күніне орай орталық алаңда Төтенше жағдайлар департаменті балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы іс-шара ұйымдастырды. Оның барысында алаңға жиылған балаларға аталмыш саланың 11 бірлік арнайы техникасымен өрт сөндіру, құтқару және алғашқы медициналық көмек көрсету құралдары таныстырылды.

Іс-шараның мақсаты – балалардың қауіпсіздік туралы түсінігін кеңейту, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйрету, өрт сөндіру және құтқару қызметінің жұмысымен таныстыру арқылы өмірлік маңызы бар дағдыларды қалыптастыру дейді мамандар.

СНХР: БОЛАТ ЖҰМАЖАНОВ, СҚО ТЖД БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Кішкентай қонақтар арнайы көліктерді тамашалап, мамандардың жұмысымен жақынырақ танысты. Сондай-ақ, балаларға қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Қожаберген жырау атындағы нөмірі 6-шы орта мектеп оқушысы Мадияр Уап құтқарушылардың арнайы құрылғыларымен жақын танысып, болашақта құтқарушы болғысы келетіні туралы арманымен бөлісті. Мұндай тәжірибе балалардың қоғамдағы маңызды мамандықтарға деген қызығушылығын арттырады.

Іс-шарада балалардың көңілінен шығып оларға мерекелік атмосфера сыйлады. Мамандардың,- балалардың қауіпсіздігіне бағытталған мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады,-дейді.