31 мамыр – елімізде Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұл күні тарихтың қайғылы кезеңдерінде зардап шеккен жандар еске алынады. Сонымен қатар, қазіргі таңда қуғын-сүргінге ұшырағандар мен олардың ұрпақтарының мемлекет тарапынан қолдау көмегін алуға құқылы екені де еске салынады.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2023 жылғы 4 желтоқсандағы қаулысына сәйкес, бұл күнге орай жыл сайын біржолғы әлеуметтік көмек төлемдері қарастырылған. Ол уәкілетті ұйым ұсынған тізімдер негізінде көрсетіледі. Биыл оны 2 092 адам алды, бұл мақсатқа бөлінген қаржы сомасы – 84 миллион теңге.
СНХР: АЛТАЙ СЕЙІТОВ – ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ