Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада 1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Күлкіге толы күн» атты мерекелік іс-шара өтті. Оны ұйымдастырушылары – қалалық Жастар ресурстық орталығы, С.Мұқанов атындағы кітапхана және облыстық ардагерлер кеңесі.
1-маусым –халықаралық балаларды қорғауға және оларға қуаныш сыйлауға бағытталған күн. Атаулы датаға орай ұйымдастырылған іс-шараға, қаладағы №40 орта мектепте оқитын мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылар шақырылды. Шара барысында балалар қызықты ойындар ойнап, ұйымдастырушылар оларға тәттілер таратты. Мақсат- әр баланың көңілін көтеріп, оларға шынайы мейірім мен қуаныш сыйлау. Мерекелік бағдарламада сондай-ақ қаланының көрікті жерлеріне экскурсия жасап, ботаникалық баққа саяхат жасайды.
СНХР: НАРИМАН ТОҚСАНБАЕВ , ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ