«Қарасай» стадионында жанкүйерлер «Қызылжар» мен «Елімай» футбол командалары арасындағы тартысты кездесудің куәсі болды. Қазақстан Премьер-лигасының оныншы турындағы матч 1:1 есебімен тең аяқталды.
Қызылжарлықтар алғашқы сәттерден ақ басымдық танытты. Сегізінші минутта жартылай қорғаушы Андрей Ульшин қарсыластардың қақпасына гол соқты. Алайда 44-минутта Семейлік құраманың ойыншысы Никита Корзун есепті теңестірді. Ойын қорытындысы бойынша «Елімай» командасы 17 ұпаймен турнир кестесінде бесінші орынды сақтап қалса, ал «Қызылжар» командасы 13 ұпаймен сегізінші орында тұр.