Негізгі Жаңалықтар Сергеев су қоймасындағы су деңгейі 11 см төмендеді

Сергеев су қоймасындағы су деңгейі 11 см төмендеді

«Қазгидромет» кәсіпорны облыстық филиалының мәліметінше, өткен тәулікте Сергеев су қоймасы бөгетінің жотасынан судың асу деңгейі 11 см-ге төмендеген. Қазір ондағы су деңгейі 120 см құрайды. Ал Петропавл су қоймасындағы су деңгейі 7 см-ге көтеріліп, 876 см-ге жетті. Гусакoвка ауылының маңындағы Бабықбурлық және ВозвЫшенка ауылының маңындағы Аққанбұрлық өзеніндерінде жағдай айтарлықтай тұрақталды.

Бөлісу