Петропавл қаласының полицейлері табиғи апат салдары болуы мүмкін аймақтарда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуді жалғастыруда. Заречный кентіндегі саяжайлар, Речпорт аумағы және Мичурино маңындағы учаскелер тәулік бойы бақылауда. Он екі стационарлық бекет тәулік бойы жұмыс істеп тұр. КСМ:Саяжай іштерінде Ұлттық ұлан сарбаздары, ал сырт жағында полиция қызметкерлері күзет жүргізуде. Түнгі уақытта учаскелік инспекторлар да патрульге қосылады. Олардың міндеті — ұрлық пен басқа да құқықбұзушылықтардың алдын алу. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері айналма жолдар мен көлік қозғалысы қиындауы мүмкін жерлерде кезекшілік атқарып жатыр. Бұл мақсатқа төтенше жағдайлар департаментінен екі моторлы қайық бөлінген. Ерекше назар Речпорт маңындағы саяжайларға бөлінуде. Бұл — "Лесовод", "Фаза", "Вагонник" саяжайлары. Қалалық жағажайға жақын орналасқан "Учитель" және "Учитель-1" саяжайларында да тәртіп қамтамасыз етілуде. Мұнда полиция қызметкерлері адамдардың суға шығуына жол бермей, қауіпсіздікті қадағалап отыр. Жалпы, бұл шараларға 80-ге жуық полиция қызметкері мен 50 Ұлттық ұлан сарбазы жұмылдырылған. Барлық қызметтер бірлесе әрекет етіп, жағдай өзгерген жағдайда тез арада әрекет етуге дайын.

СНХР: МАРАТ ЖҰМАЛИЕВ — ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ