Петропавл жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде ҚХА-ның 30 жылдығана орай «Ақсақалдың бейбітшілік пен келісім туралы сөзі» атты республикалық тақырыптық күні өтті. Іс-шараға Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, колледж студенттері мен оқытушылары қатысты.
Бұл кездесудің мақсаты – ұлтаралық келісімді нығайту және жастардың азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Іс-шара барысында қатысушылар көпэтносты қоғамдағы бейбітшілік, бірлік пен төзімділіктің маңыздылығы туралы сөз қозғады.
СНХР: ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ
Бүгінде Қазақстанда мыңнан астам этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Солтүстік Қазақстан облысында 28 ұйым тіркелген. Қазақстан халқы Ассамблеясы дәл қазіргі уақытта мемлекет пен қоғам арасында алтын көпір іспеттес. Бүгінгі іс-шарада жастарды тәрбиелеу мен рухани құндылықтарды сақтаудағы ақсақалдардың рөлі ерекше екені айтылды.
СНХР: СӘУЛЕ ТАХМЕТОВА, СҚО ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ
Теңдік, ынтымақтастық және адамдардың бір-бірін құрметтеуі – бейбітшілік пен келісімнің негізі. Дәл осы қағидалар қазақстандықтарды ортақ болашақты бірге құруға біріктіреді.