Петропавлда 88 мыңнан астам тұрғын созылмалы аурулар бойынша есепте тұр. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында қант диабеті, глаукома, гепатит сияқты ауруларды анықтау мақсатында алдын ала скринингтер жүргізіліп жатыр. Мұндай тексерулер екі жылда екі рет өткізіледі.

Биыл онкологиялық ауруларды анықтауға арналған профилактикалық тексерулер де артып, барлық санаттағы науқастар тексеруден өтіп жатыр. Онкологиялық аурулардың алдын алудың жалғыз тиімді жолы – онкоскрининг. Биыл жатыр мойны обырына тексеру мақсатында 30 бен 70 жастағы әйелдердің 90 пайызы қамтылады. Сүт безі қатерлі ісігін анықтау үшін өңірде тұратын 40 пен 70 жас аралығындағы әйелдердің 80 пайызы тексеруден өтуі тиіс. Ер адамдар үшін де түрлі онкологиялық ауруларды анықтауға бағытталған арнайы тексерулер жоспарланған.