«Amanat» партиясының облыстық филиалында депутаттар фракциясының бірлескен отырысы өтті. Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі – партияның сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы. 2024 жылы Солтүстік Қазақстан облысында 111 іс-шараны жүзеге асыру жоспарланған болса, соның 101-і немесе 91%-ы орындалған.
Орындалмаған 10 іс-шараның төртеуі жұмыстардың кестеден кешіктірілуіне байланысты жүзеге аспаған. Мысалы, сүт-тауарлы фермаларды іске қосу жобасы. Қаржылық қиындықтарға байланысты Ақжар ауданында жоба жүзеге асырылмады. Ал «10 хоккей кортының құрылысы» жобасы бойынша түзету жұмыстары жүргізілуде.
СНХР: АЙГЕРІМ АЙТЖАНОВА – ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Келесі талқыланған мәселе – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында медициналық қызметтер көрсету. 2024 жылы облыстағы медицина мекемелері тарапынан 4,9 миллион қызмет көрсетіліп, жалпы сомасы 71,4 млрд теңгені құрады.
СНХР: АЙНАГҮЛ ДӘУЛЕТЧИНА – «ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ» КЕАҚ СҚОФ ДИРЕКТОРЫ
Фракция отырысында тұрғындар тарапынан түскен өтініш – қоғамдық көлік қозғалысы сызбасын өзгерту мәселесі де қаралды. Қаржы 2026 жылдың ІІ тоқсанында бөлінсе, Петропавл қаласының әкімдігі көлік бағыттарын оңтайландыру жұмыстарын бастайды. Кейін өнеркәсіптік аймақ пен облыс орталығының қосымша аудандарын қамтитын жаңа бағыттар ашу жоспарланып жатыр.