Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің тапсырмасы аясында биыл еліміз бойынша 125 вокзалға күрделі жөндеу жүргізіледі. Жұмыстар бір мезгілде басталып, бір жылда аяқталады деп жоспарланған. Тапсырыс беруші «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы. СҚО бойынша бұл тізімге 3 вокзал енді. Оның ішінде Айыртау ауданындағы Саумалкөл теміржол вокзалы бар. Жұмыс барысымен Айыртау ауданының әкімі танысты.
Саумалкөл теміржол бекеті күрделі жөндеуден кейін жаңа кейіпке енеді деп күтіледі. 1966 жылы салынған бұл станцияға биыл екінші рет күрделі жөндеу жүргізілмек. Соңғы рет 2012 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілгенімен, инженерлік желілер жаңартылмаған. Биыл соған мән беріледі.
СНХ: ЕРДЕН ШОРТЫБАЕВ, СҚО ӘКІМДІГІ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мердігер компания болып «KAZSTTROY-SK» ЖШС тағайындалған. Қазір 30 қызметкер мен 6 техника жұмысты бастау үшін дайын. Теміржол вокзалына жаңа дем беру үшін барлығы заманауи үлгіде жасалады. Диодты шамдар қойылып, жаңа камералар орнатылады. Сонымен қатар ғимараттың шатыры ауыстырылып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіледі. Сыртқы көрінісі де жаңартылады.
СНХ: ЖАНАТ ҚАСЫМ, «KAZSTTROY-SK» ЖШС ДИРЕКТОРЫ
Саумалкөл теміржол вокзалында 3 бағыт бар. Павлодар-Пресногорьковская, Қарағанды-Қостанай бағыттарында поездар жыл он екі ай тоқтаусыз жүрсе, Жаңаесіл-Саумалкөл бағыты мамырдан тамыз айына дейінгі аралықта қатынайды. Теміржол станциясындағы жұмыс барысымен Айыртау ауданының әкімі Мейрам Меңдібаев та танысып қайтты.
Бұл жұмыстарды мердігер компания қыркүйек айында аяқтауды жоспарлап отыр. Кейін жөндеу жұмыстары аяқталған соң вокзалдың өткізу қабілеті артып, заманауи күту залдары, интернет, ақпараттық жүйелер мен арнайы сервистер пайда болады деп күтіледі.