Бүгін Петропавлда «Бастауыш сыныптарда оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту жолдары» атты облыстық семинар өтті. Әлихан Бөкейхан атындағы №25 жалпы білім беретін орта мектептің базасында өткен жиынға барлығы 20-дан астам педагог қатысты.

Семинар «Өрлеу» филиалы мен қалалық оқу бөлімінің бірлесуімен ұйымдастырылды. Басты мақсаты – бастауыш сыныпта білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға бағытталған заманауи әдіс-тәсілдерді енгізу және оларды тиімді қолданудағы біліктіліктерін жетілдіру.

СНХ: ӘЛИМА ҚАБДЕНОВА, «ӨРЛЕУ»БАҰО» АҚ ФИЛИАЛЫ СҚО ПҚ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ


Бастауыш сынып мұғалімі Хазима Кабдолинаның еңбек өтілі 25 жылдан асады. Бала оқытуда көп жылдық тәжірибесі бола тұрсада ол семинар арқылы үйренеріміз жетерлік дейді.

СНХ: ХАЗИМА КАБДОЛИНА, БЕКСЕЙІТ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ, МАМЛЮТ АУДАНЫ


Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинарлар жиі өткізіледі. Десе де, бүгінгідей тақырыптағы жиын облыстық деңгейде алғаш рет ұйымдастырылып отыр.