Петропавлда республикалық деңгейдегі үлкен оқиға – «ГауҺартас» 3-ші республикалық ұлттық өнер фестивалінің өнерпаздар слеті басталды. Фестиваль «Сегіз сері» атындағы қазақ халық аспатары оркестірінің 25 жылдығына арналған. Екі күнге шақталған фестивальде еіліміздің әр өңірінен келген өнер майталмандары жергілікті ақындардың сөзіне жазылған әндерді орындады.
«ГауҺартас» республикалық ұлттық өнер фестивалі алғашқы рет 2015 жылы ұйымдастырылған. Кейін ауқымды іс-шара 2017 жылы өз жалғасын тауып, қызылжарлық көрерменнің ықыласына бөленді. Биыл 3-ші рет ұйымдастырылып отырған фестиваль облысымызға белгілі Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптары оркестірінің 25-жылдық мерейтойына тұспа-тұс келіп отыр.
СНХ: ҚАЙЫРЛЫ ҒАФУРОВ, «СЕГІЗ СЕРІ» АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ АСПАПТАРЫ ОРКЕСТІРІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ
Ақан сері атындағы облыстық филармониядағы салтанатты кеш күміс көмей әншілер,елімізге белгілі өнер майталмандары мен дирижерлердің басын қосты. Жерлесіміз,еліміздің бетке ұстар компазиторларының бірі Жоламан Тұрсынбаев «Есіл бойы –Қызылжар» атты әнін орындады.
СНХ: ЖОЛАМАН ТҰРСЫНБАЕВ, КОМПОЗИТОР, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ
Бұл жолғы фестивальдің ерекшелігі – жан-жақтан келген өнер қайраткерлері жергілікті ақындардың сөзіне жазылған әндер алып келген. Тың туындылар көрерменге алғаш рет ұсынылды. Жетісу облысынан арнайы келген Әли Алпысбаев өнер сүйер қауымға «Есіл қайда ағасың» шығармасын орындады.
СНХ: ӘЛИ АЛПЫСБАЕВ, КОМПОЗИТОР, ДИРИЖЕР
Жалпы, жиында барлығы 20-ға жуық туынды ұсынылды. «ГауҺартас» ұлттық өнер фестивалі 2 күнге шақталған.