Петропавлда қаланы абаттандыру және "Таза Қазақстан" бағдарламасын жүзеге асыру бойынша кеңес өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары Марат Тасмағанбетов, Қанат Дүзелбаев және Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев қатысты.
Өңір «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді қатысып жатыр. Науқан аясында сенбіліктер, көгалдандыру шаралары, флешмобтар, конкурстар мен дәрістер ұйымдастырылды. Өткен жылы республикалық бағдарламаны іске асыруға 76 млрд теңге бөлінген. Мұндай акция қоршаған ортаны қорғау мәселелерінде азаматтардың деңгейін арттырады және өңірде экологиялық мәдениетті қалыптастырады. Алайда, өткен жылғы көгалдандыру жоспары облыс орталығында және Қызылжар ауданында орындалмаған.
СНХ: ҚАНАТ ДҮЗЕЛБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Алайда Петропавлда қоқыс мәселесі әлі де өзекті. Кеңеске кәсіпкерлер, мердігер ұйымдар мен коммуналдық қызмет өкілдері шақырылды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетовтың төрағалығымен бірқатар мәселе талқыланды. Солардың бірі – қоқыс мәселесі. Қала әкімі Серік Мұхамедиевтің айтуынша, Петропавлдың санитарлық жағдайы көңіл көншітпейді. Тұрғындар наразылық білдіруде: себебі қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару құны екі есеге артса да, жағдай жақсармай отыр.
СНХР: СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Бүгінгі таңда қалада қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша қызмет көрсетумен 5 ұйым айналысады. Соған қарамастан, жұмыс толығымен атқарылмай, тұрғындар тарапынан шағымдар түсіп жатыр. Қоқыс шығаратын компаниялар бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қала тұрғыны қазіргі қызмет көрсетушінің жұмысына қанағаттанбаса, компанияны өз бетінше таңдап, онымен шарт жасауға құқылы. Екінші мәселе-қалдықтарды контейнердің айналасына жинау. Бұл қаланың көркін бұзып қана қоймай, халық тарапынан шағымның көбейуіне де себеп болады.
СНХ: СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
СҚО әкімі бірінші орынбасарының айтуынша, бұл – жаһандық мәселе. Басты қателік – бюджетте ірі көлемдегі қоқысты шығаруға қаржы қарастырылмаған. Қоғамдық сенбіліктер аясында бұл іспен коммуналдық қызметтер тегін айналысады.
СНХР: МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
Петропавлда 1226 көпқабатты тұрғын үй және 17 741 жеке тұрғын үй бар. Қызмет көрсетуші ұйымдар тек осының 50%-ын ғана қамтып отыр. Бұл өте төмен көрсеткіш, – деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары. Петропавл әкімі болса, бұл мәселе шешілетінін жеткізді.