Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Солтүстік Қазақстан облысы филиалының құрылғанына 35 жыл толып отыр. Осыған орай, облыс оратлығында алқа мәжілісі өтті. Оған “Халықаралық “Қазақ Тілі” қоғамының Президенті Рауан Кенжеханұлы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің басқарма басшысы Қайыржан Рақымжанов және облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов, сондай-ақ, облыстық «Қазақ тілі» қоғамының дамуына тікелей үлес қосқан азаматтар мен тіл жанашырлары қатысты. Жиында қоғамның тарихы мен жетістігі туралы айтылып, тіл саясатының өзекті мәселелері талқыланды.

АСНУРИЯ АБДУЛА, ТІЛШІ:

- Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы алғаш рет 1989 жылы Алматы қаласында өткен I құрылтайда құрылды. Мұнда «Қазақ тілі» қоғамының Жарғысы мен Бағдарламасы қабылданып, міндеттері айқындалды.

Тәуелсіздік алғаннан кейін «Қазақ тілі» қоғамының жұмысы одан әрі жандана түсті. Алға жаңа міндеттер қойылды. 1992 жылы 26 қарашада Алматыда республикалық «Қазақ тілі» қоғамының II құрылтайы өтті. Осы құрылтайда жұртшылықтың ұйғарымы бойынша республикалық ұйым «Халықаралық» мәртебеге ие болды. “Халықаралық “Қазақ Тілі” қоғамының Президенті Рауан Кенжеханұлының сөзінше бүгінде мемлекеттік тілдің деңгейі айтарлықтай артып келеді. Бірақ, әлі де көптеген салаларда оның ішінде білім саласында шешілуі тиіс мәселелер бар.

СНХ: РАУАН КЕНЖЕХАНҰЛЫ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ “ҚАЗАҚ ТІЛІ” ҚОҒАМЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ


Айта кетейік, 2023 жылы Қазақстанда тіл саясатын дамытудың 2023-29 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Бұл ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілген Тілдерді дамыту саласындағы жалғыз құжат.

СНХ: ҚАЙЫРЖАН РАҚЫМЖАНОВ, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ ТІЛ САЯСАТЫ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ


Жанат Мұхамеджанов 2022 жылы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы СҚО филиалының төрағасы болып қызмет атқарып келеді. Осы уақыт аралығында облыста тіл мәселесіне қатысты 75-тен астам кездесу өткен.

СНХ: ЖАНАТ МҰХАМЕДЖАНОВ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫ СҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ


Ал. Халықаралық “Қазақ Тілі» Қоғамы Петропавл қалалық филиалының жұмыс істеп жатқанына 3 жыл. Оның төрағасы Ербақыт Амантайұлы облыста әлі де өз шешімін таппай жатқан мәселеге тоқтала кетті.

СНХ: ЕРБАҚЫТ АМАНТАЙҰЛЫ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ


Жиын барысында қазақ тілінің жанашыры -бірқатар азамат түрлі марапаттарға ие болды. Әсем Сүлейменова – облыс әкімідігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы. Ол ҚР Ғылым және жоғары министрілігінің ведомстовалық наградасымен марапатталып, «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгесіне ие болды.

СНХ: ӘСЕМ СҮЛЕЙМЕНОВА, СҚО ӘКІМДІГІНІҢ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ


2002 жылы облыста 151 қазақ, 102 аралас мектеп болды. 75 ауылдық округтағы 200-ге жуық мекемелерде іс-қағаздар 2 тілге көшірілді. 250 ден астам аудармашы маман қызметке алынды. 750 тіл үйірмесі жұмыс істеп, 15 мың адам білім алды. Қазіргі таңда қазақ мектептерінің саны көбейді. Сұраныста өте жоғары. Осының өзі «Қазақ тілі» қоғамы белсенділерінің атқарған жұмысының мәуелі жемісі.