Өзбекстанда Парламентаралық Одақ Ассамблеясының мерейтойлық отырысы өтті. Онда парламенттердің әлеуметтік дамуы мен әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етудегі рөлі талқыланды. Қазақстан делегациясын Мәжіліс төрағасы бастап барды. Ерлан Қошанов баяндама жасап, форумның ғасырлар бойы халықтар мен мәдениеттерді тоғыстырған Ұлы Жібек жолының бойында ұйымдастырылуының символдық мәні зор,-деді. Ташкентте өткен іс-шараға әлемнің 140-тан астам елінен делегаттар қатысты.

СНХ: ЕРЛАН ҚОШАНОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ