Петропавлда жаңадан құрылған «Үндестік» өнер бірлестігінің «Сен маған ұнайсың» атты лирикалық кеші өтті. Кеште 16 ән жанды дауыста орындалды. Сондай-ақ, кәсіби актердердің қатысумен театрландырылған қойылым да ұсынылды.
«Сен маған ұнайсың» атты жаңа жобаның премьерасы наурыздың 9-ы күні өткен болатын. 170-тен астам көрерменнің басын қосқан жиында поэзия оқылып, ғашықтар бейнесіндегі диалогтар мен шынайы өмірден алынған жағдайлар сахналанды.
СНХ: СӘЛИМА ҚҰЛАҚБАЕВА, «ҮНДЕСТІК» ӨНЕР БІРЛЕСТІГІНІҢ ПРОДЮСЕРІ
Кешке жиналғандардың дені – жастар. Жиында көрерменмен ерекше байланыс орнатылды. Қонақтар ойын ойнап, өз пікірлерін білдіруге де мүмкіндік алды. Сондай-ақ, вокалистермен қосылып ән шырқады.
СНХ: НАЗЕРКЕ ҰЗАҚБЕК, «ҮНДЕСТІК» ӨНЕР БІРЛЕСТІГІНІҢ ӨНЕРПАЗЫ
Жалпы, жоба қала тұрғындары арасында қазақша музыка мен өнерді дәріптейтін еркін шығармашылық а лаң қалыптастыру мақсатында жасалған. Қоса кетейік, дәл осындай кеш сәуірдің 15-і күні қайталанады.