Облыста 9 құс фабрикасы жұмыс істейді. Оның 6 –ы жұмыртқа өндірісімен айналысады. Бұл зауыттар жылына 500 млн данадан астам жұмыртқа өндіреді. Ал, ет өндіретін 3кәсіпкерліктің 1 жылдағы өндіріс көлемі 8 мың тоннадан асады. Осы орайда, «AYUL FEST» фестивалі аясында құс шаруашылығын дамытуға қатысты форум ұйымдастырылды. Жиынға шетелден келген және еліміздің осы саладағы жетекші мамандар қатысты.

Былтыр облысқа Ресей Федерациясынан «Линда» тұқымды 46 500-ге жуық қаз әкелінген. Бұл өңір халқының осы салаға деген қызығушылығының артқанын көрсетеді. Айта кетейік, қазіргі таңда өңірде қуаттылығы 10 мың тоннаға дейін жететін құс етін және жұмыртқасын өндіретін фабрика салынып жатыр.

СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ


2024 жылы «Ауыл партиясы» елімізде «Қаз хаб» атты жобаны жүзеге асырған. Нәтижесінде 135-тен астам отбасы тұрақты жұмыспен қамтылған.

СНХ: СЕРІК ЕГІЗБАЕВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ


Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Дәурен Тоқожинов «қаз өсіру ең тиімді кәсіп» екенін айта кетті. Мәселен, оның сөзінше 1000 қаз өсіруген отбасы 5 ай ішінде 6 млн теңгеге дейін табыс таба алуы мүмкін.

СНХ: ДӘУРЕН ТОҚҚУЖИНОВ, СҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ


Форумге барлығы 600-ге жуық адам қатысты. Жиналғандар ауыл тұрғындарының табысын арттыру және құс шаруашылығын дамытудағы мәселерді талқылады.