Астанада «Орталық Азия – Еуропа одағы» инновациялық кампусы ашылуы мүмкін. Самарқандта өтіп жатқан халықаралық саммите Қасым-Жомарт Тоқаев осындай ұсыныс жасады. Қазір қазақстан цифрлық технология, жасанды интелект салаларына айрықша көңіл бөліп келеді. Елімізде 100 мың жоғары білікті ІТ-маман даярлауды көздейтін ауқымды бағдарлама жүзеге асып жатыр. AlemАi жоғары технологиялар орталығы құрылуда. Бұл жұмыстар сапалы жүзеге асса барлық тарапқа тиімді болады. Президент еуропалық компанияларды осындай жаңа жобаларды қаржыландыру үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңын пайдалануға шақырды.

СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ