Қызылжар ауданы Тепличное ауылында су жаңа құтқару кешені ашылды. Мамандандырылған нысанның салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. 

Солтүстік Қазақстан облысында бірегей құтқару кешені пайдалануға берілді. Жаңа мамандандырылған нысанның ашылуы Қызылжар ауданы Тепличный ауылында өтті. Салтанатты шараға ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының ардагерлері қатысты.

СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СҚО ӘКІМІ


Салтанатты жағдайда министр құтқарушыларға жаңа кешеннің кілтін табыстады. Сондай-ақ, іс-шараның бірінші кезеңінде ТЖД бірқатар қызметкерлерінің, апаттар медицинасы орталығының әскери қызметшілері мен дәрігерлерінің еңбегі атап өтілді. Олар грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. Қызыл лентаны кесудің дәстүрлі рәсімінен кейін министр мен аймақ басшысы жаңа нысанның жұмысын тексерді. Модульдік типтегі ғимаратқа кезекші ауысым бөлмесі, спорт залы, доңғалақты техника мен жүзу құралдарына арналған гараждар, жөндеу блогы және оқыту орны кіреді.

СНХ: ШЫҢҒЫС ӘРІНОВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ


Кешен заманауи озық жабдықтармен қамтамасыз етілген, бұл кез келген жағдайда тиімді жұмысты қамтамасыз етуі тиіс. Құтқарушыларға 15 бірлік арнайы техника, оның ішінде жоғары өтімді автомобильдер мен жерүсті көліктері сатып алынған. Көліктердің бірі кинологтар мен олардың қызметтік иттерін тасымалдауға арналған.

СНХ: АРТЕМ САВИН, СҚО ТЖД ҚҰТҚАРУ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСШЫСЫ


Кешен аумағында иттер үшін 6 қоршау орнатылған. Нысан 900 шаршы метрден асатын аумақты алып жатыр. Ол солтүстік аймақтың климаттық жағдайларын ескере отырып, жеке жоба бойынша республикалық бюджет есебінен жобаланып салынған.

СНХ: ШЫҢҒЫС ӘРІНОВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ


Іс-шара соңында ведомство басшысы мен облыс әкімі жаңа кешен аумағына жас қарағай ағаштарын отырғызды. Айта кетейік, ТЖД бөлімшесі авариялық-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарының кең спектрін орындайды. Департаменттің мәліметінше, тек 2024 жылы ғана Солтүстік Қазақстандық құтқарушылар 2000-ға жуық сапар жасап, 127 азаматтың өмірін сақтап қалған.