ДАРИҒА ҚУАНЫШ, ТІЛШІ:

 - 22-наурыз Ұлыстың Ұлы күні наурыз мейрамы. Бұл көктемнің алғашқы күні, Табиғаттың жаңаруы, жаңа жыл басы. Мереке күні біз Есіл ауданы Явленка ауылындамыз. Бұл жерде керемет мерекелік атмосфера сезіліп тұр. Тұрғындар ұлыстың ұлы күнін бір отбасының баласындай тойлап жатыр.

Наурыз – ұлттық құндылықтарды жаңғыртатын , бірлік пен ынтымақты нығайта түсетін ізгі мейрам. Ұлыстың ұлы күнінде өңірде мерекелік іс-шаралар өтті. Есіл ауданы, Явленка ауылында концерттік бағдарлама Көктемнің, Наурыздың нышаны Қыдыр атаның келуімен басталды.

Наурыз мейрамымен тұрғындарды Есіл ауданының әкімі Мереке Мұхамедияров құттықтады.

СНХ: МЕРЕКЕ МҰХАМЕДИЯРОВ, ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ


Мерекеге жиналған халықтың көңілі шат-шадыман.

Наурыз мерекесінде қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдед ғұрыптары да ұмыт қалмады.

СНХ: ТАТЬЯНА СТЕПАНОВА, ЕСІЛ АУДАНДЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ МАМАНЫ


Мерекелік іс-шараға орай киіз үйлерде құрылған. Әр шаңырақта дастархан жайылып, ұлттық тағамдар қойылды. Және молшылық пен берекенің нышаны наурызкөжеден барлығы дәм татты.

СНХ: ФАРИДА ДИНАСИЛОВА, А.ШӘЖІМБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЯВЛЕНКА ОРТА МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ


Ал орталық алаңда спорттық ойындардан жарыс өтіп, жергілікті өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашты.