Наурыз мейрамы Петропавлдағы көпқабатты үйлердің аулаларында да тойланды. Бұл - Қазақстан Конституция көшесі бойында орналасқан 76-шы үйдің алды. Мұндағы думан орталық алаңдағы шарадан кем түспеді. Тұрғындар мәре-сере болды. Балалар асыр салып ойнаса, үлкендер көңілді музыкаға биледі, шаһар басшысының құттықтауын қабылады.
СНХ: СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, Петропавл қаласының әкімі
Құттықтау барысында Серік Мұхамедиев пәтер иелері кооперативінің төрағасына әкімдік атынан сыйлық ұсынды және қалада байқау басталатынын хабарлады.
Байқау соңында үздіктер марапатталмақ. Көп ұзамай аулада думан қызды. Білекті жігттер жілік жарды. Сайысты спорт ардагері Ғалым Өркешов ұйымдастырды.
СНХ: ҒАЛЫМ ӨРКЕШОВ, спорт ардагері
Көрермендердің арасында тазысын ерткен, бүркіт ұстаған азамат та болды. Ит пен балалар жағы таңқалысты, қызыға тамашалады. Думан барлығына ұнады.
Іс-шара соңында жиналғандардың барлығы астан дәм татты. Қатысушыларға бауырсақ пен палау ұсынылды.