Ұлттық спорт күніне орай Бескөл ауылында қазақ күресінен турнир өтті. Қызылжар ауданының 4 мектебінен 50-ге жуық жас палуан боз кілемде күш сынасты. Балалар арасындағы дәстүрлі додада үздік нәтиже көрсеткендер облыстық кезеңге жолдама алады.

АҚЖҮНІС МҰҚАТАЙ, ТІЛШІ:

- Наурызнама онкүндігі аясында 20 наурыз – «Ұлттық спорт күні» ретінде белгіленген. Бұл мейрам халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ойындарын дәріптеуге арналған. Бүгін атаулы датаға орай Бескөл ауылында қазақ күресінен аудандық турнир өтіп жатыр.

СНХ: БЕЙБІТ СӘДУАҚАСОВ, ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН БАПКЕР


Турнирде осы спорт түрінен шыңдалған 12-13 және 15-16 жылғы жасөспірімдер күш сынасты.

СНХ: НҰРСАТ ТҰРЛЫБЕК, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ


СНХ: ДУЛАТ ДИАСЫЛ, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ


Жеңімпаздар грамота және медальмен марапатталды. Ал облыстық турнир сәуір айында өтпек.