Сергеев су қоймасының ернеуінен асып төгілуі 7 см жетті. Су торабында бір тәулікте су деңгейі 5 см-ге көтерілген. Петропавлдағы су торабында деңгей 3 см-ге артты.
Қазгидромет» Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорны облыстық филиалының мәліметінше, Тоқсан би ауылының маңында Есіл өзені бір тәулікте 33, Крещенкада 16, Покровкада 106 см жоғарыласа, Новоникольск ауылының маңында 5, Долматовода 6 см-ге көтерілген. Ақжар ауданындағы Ленинградское ауылының маңындағы Шат өзенінде де су деңгейі артып келеді. Бір тәулік ішінде +127 см-ге көтерілген. Ал Шағалалы өзенінің деңгейі түсе бастады. Жалпы, әзірге өзендерден келер қауіп жоқ, қауіпті деңгейге жетпеді. Ал Есіл ауданы Корнеевка ауылының маңындағы Тораңғұл көлінде су деңгейі бір тәулікте 2 см-ге көтеріліп, қауіпті межеге жақындап келеді.