Наурыз мейрамын тойлау аясында Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінде "Жілік сындыру" ұлттық жарысы өтті. Оған оқушылар, олардың әкелері мен мектеп қызметкерлері ат салысты.
"Жілік сындыру" - қазақтың көне ойындарының бірі. Оның мәні -тойдан қалған жілік сүйегін қолмен ұрып, сындыру. Бұл ойын күш, төзімділік және дұрыс техниканы қажет етеді.
СНХР: АЛМАС БЕЙСЕНБАЕВ, ПЕТРОПАВЛ Қ. НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГЫ
Іс-шараның мақсаты ата-аналар мен мұғалімдерпдің байланысын нығайтып, қазақтың асыл дәстүрін болашақ ұрпаққа жеткізу. Қазақстың ұлттық дәстүрін дәріптеу әрбір ата-ананың міндеті. Мұндай іс-шаралар бірнеше ұрпақ өкілдерінің басын біріктіріп, ата-баба дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу арқылы мәдени мұраны сақтауға және және жалғастыруға септеседі.
Жарысқа 50 шақты адам қатысты. Араларындағы білегі мықтылар 4 жілікті сындырып, жеңімпаз атанды. Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінде “жілік сындыру” бойынша жарыстарды жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр.