Петропавл қалалық мәдениет үйі шығармашылық ұжымының қатысуымен «Береке» шағын ауданының саябағында мерекелік іс-шара өтті. Апта бойы Наурыз мейрамына орай барлық шағын аудандарда шығармашылық кештер мен танымдық бағдарламалар ұйымдастырылмақ.
Көктем мен жаңарудың нышаны саналатын Наурыз мерекесіне орай өткен концертте өнерпаздар аудан тұрғындарына халық әндерін де, көңілді заманауи туындыларды да орындады. Бағдарлама көрерменің көңілінен шығып, қошеметтерін аямады.
СНХ: КСЕНИЯ ШЕВЧЕНКО, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ӘРТІСІ