Бағдарламаларды музыкамен әрлеу, эфирдегі таза және сапалы дыбыс – мұның бәрі дыбыс режиссерлерінің міндеті. Көбіне кадр сыртында қалатын бұл мамандардың еңбегі зор. Телеарнаның 65 жылдығына орай студияның дыбыс цехында қызмет еткен ардагерлер өткенге оралып, естеліктерімен бөліседі.

Телевидениедегі дыбыс режиссерлері – ерекше кәсіп иелері. Біріншіден, олар эфирге жауапты режиссердің оң қолы. Екіншіден, бұл мамандарда мінсіз музыкалық есту қабілеті болуы керек. Үшіншіден, олар заманауи ғана емес, классикалық музыкалық туындыларды да жетік білуі тиіс. Рида Гумарова Петропавл телевизия студиясына осыдан 65 жыл бұрын, ашылған жылы келген.

СНХР: РИДА ГУМАРОВА, ТЕЛЕВИЗИЯ АРДАГЕРІ


Петропавлдағы мерекелерде сахнадан телевизия ардагері Зинаида Москалеваны жиі кездестіруге болады. Ол – көркемөнерпаздар ұжымының белсенді мүшесі, «Сладка ягода» ансамблінің солисі. Көңілді, ширақ, әрдайым айналасын позитивке бөлейтін жан. Зинаида Алексеевна телевизиядағы еңбек жолын 1969 жылы бастаған. Ол кезде техника мүлде бөлек еді, тіпті дыбыс пен бейненің синхрондылығы да болмаған! Барлығын «қолмен» сәйкестендіруге тура келетін, кейде бұл сәтті шықпай да жататын деп еске алады зейнеткер.

СНХР: ЗИНАИДА МОСКАЛЁВА, ТЕЛЕВИЗИЯ АРДАГЕРІ


Галина Москвина – 35 жылдық тәжірибесі бар режиссер.Телестудияда 1972 жылдан бері қызмет етіп келеді.Әсіресе, «Журавль» микрофонымен жұмыс істеген кездері ерекше есінде.

СНХР: ГАЛИНА МОСКВИНА, ТЕЛЕВИЗИЯ АРДАГЕРІ


Бағдарламаны әрлеу үшін сценарийді жай ғана оқып шығу жеткіліксіз – кейіпкерлерді тереңірек танып, олардың жан-дүниесін түсіну керек еді. Қай музыкалық тақырып олардың болмысын дәл жеткізеді? Қандай әуен көрерменнің жүрегін тербейді? Дыбыс режиссерлері өздеріне жүктелген міндетті жауапкершілікпен атқара білді. Телевизияға көптеген мамандар келді, бірақ тек өз ісіне шын берілген, кәсіпке адал жандар ғана қалды.