Облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында Смағұл Сәдуақасұлының 125 жылдығына арналған «Алаштың ардақты ұлы» әдеби кеші өтті. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, студенттер мен оқырмандар қатысты.
Смағұл Сәдуақасұлы – Мемлекет және қоғам қайраткері, дарынды жазушы әрі публицист. Ол білім мен мәдениетті дамытуға ерекше үлес қосып, Қазақ автономиясын нығайту жолында еңбек етті. Тоталитарлық жүйеге қарсы шығып, Голощекиннің солақай саясатына батыл қарсылық танытты.
Смағұл Сәдуақасұлы небәрі 33 жыл өмір сүріп, 1933 жылы Мәскеу-Донбасс темір жол құрылысындағы күмәнді апатта көз жұмды. Оның саяси және әдеби мұрасы қазақ руханияты үшін аса құнды. Әдеби кеште қайраткердің өмірі мен еңбектері жан-жақты талқыланып, оның ұлт тарихындағы рөліне баға берілді.
СНХР: ЖАҚСЫБАЙ САМРАТ, ЖАЗУШЫ-ЖУРНАЛИСТ, АҚПАРАТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ
Әдеби кеш барысында қатысушылар Смағұл Сәдуақасұлының еңбектерімен танысып, оның публицистикалық мақалалары мен жазушылық қырын талқылады. Сондай-ақ, студенттер тарихи тұлғаның мұрасына қатысты өз пікірлерін білдірді.
СНХР: ЕРІК НҰРАҚАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Осындай әдеби-танымдық кештер жастардың санасын қалыптастыруға, ұлттың көрнекті қайраткерлерін дәріптеуге бағытталған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.