«Амал» мерекесіне орай Ғ. Мүсірепов атындағы балалар-жасөспірімдер кітапханасында да БАҚ өкілдері үшін іс-шара өтті. Кітапхана қызметкерлері ұлттық дәстүрлерді паш етіп, кең дастархан жайды.

14 наурыз - «Көрісу күні – Амал мерекесі». көктем мен жаңа жылдың бастауы, туған-туыстарға, көршілерге, үлкен кісілерге сәлем беретін немесе қонақ күтетін мезгіл. Дәстүр болып қалыптасқан наурызнаманың бірінші күні.. Осы мерекеге орай, кітапхана қызметкерлері БАҚ өкілдерін дәстүрлі тағамдармен қарсы алып, ұлттық ойындар ойнады.

СНХР: КӨГЕРШІН БЕРДАҒҰЛОВА, Ғ. МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР КІТАПХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ


Қыстан аман шығып, көктемге жеткен халық бір-бірімен көрісіп, қол алысып, құшақтасып, ізгі тілектерін жаудырады. Бұл – тек қазақ халқына ғана тән ерекше дәстүр, нағыз бірліктің, татулықтың, сыйластықтың белгісі!.