Облыстық әкімдік қабырғасында аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Іс-шараға аудан әкімдері мен барлық ведомстволардың басшылары қатысты.

Ең алдымен аймақ басшысы басқосуды кадрлық тағайындаудан бастады. Облыстық Әділет департаментін енді Естай Рашқалиев басқаратын болады. Айта кету керек, Естай Елтайұлы аталған салада 2008 жылдан бері жұмыс істейді. Алқалы жиында орман шаруашылығы саласындағы бармақ басты, көз қысты әрекеттерге жол бермеу мәселелері қаралды. Сондай-ақ, өңірде есірткі қылмысы және тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес тақырыбы талқыланды. Жиын соңында Ғауез Торсанұлы тиісті органдарға түйткілдерді шешу бойынша бірқатар тапсырма жүктеді.