Қыс түскелі Петропавл көшелерінен 800 мың текше метр қар шығарылды. Бұл жұмыс қазір қарқын алды. Күннің күрт жылынуына байланысты қар суының үйлерге кіру қаупі бар. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов Береке ықшам ауданында және Жұмысшы кентінде болып, атқарылып жатқан жұмысты көрді.

Петропавл көшелерінде арнайы техника екі ауысымда жұмыс істеп жатыр. Қазір негізгі күш Жұмысшы кентіне жұмылдырылған.

СНХ: МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ


Жұмысшы кентін қардан "ЭнергоПромТехно" ЖШС тазартып жатыр. Мердігерлік ұйым күндіз де, түнде де бұл істі тоқтатпайды. Мқұнда қазір 30-ға жуық арнайы техника және 60 адам адам жұмыс істеп жатыр.

СНХР: СЕРІК МОЛДАҒАЛИ - "ЭНЕРГОПРОМТЕХНО" ЖШС ӨКІЛІ


Кейін Марат Тасмағанбетов Береке шағын ауданында болды. Мұнда 4 көшенің қарын шығарумен «Құрылыс-Сервис-СК» ЖШС айналысады. Шаруаны атқаруға 16 техника жұмылдырылған.

 СНХР: БАТЫР МАШАНОВ- "ҚҰРЫЛЫС-СЕРВИС-СК" ЖШС БРИГАДИРІ


Шағын ауданның тұрғындары атқарылып жатқан жұмысқа дән риза.

Айта кетейік, коммуналдық қызмет мамандарды тұрғындарға ауладағы қарды қоршаудың сыртына шығарып қою қажеттігін ескертеді. Бұл тазалау процесін жылдамдатады.