Наурыз - бұл тек табиғаттың жаңаруы ғана емес, сонымен қатар халықтың бірлігін, салт-дәстүрін, мәдениетін білдіретін ұлы мереке. Ежелгі заманнан бері түркітілдес халықтар бұл мерекені 10 күн атап өтетін болған. Және әр күннің өзіндік мәні бар. Бүгін 14-наурыз - көрісу күні. Бұл күн -наурыз мейрамының бастауы іспеттес. Жастар үлкендерге сәлем беріп, батасын алады. Қазір барлық аймақта бұл мереке сән-салтанатымен аталып өтеді.

Көрісу күнін амал мерекесі деп те айтады. Ежелден бері бұл күні туған-туыс, жақындармен жүздесу дәстүрге айналған. Және бір-біріне деген өкпе-реніштер болса кешірім сұрап, татуласып жатады. Осы күнге орай ҚХА-да мерекелік іс-шаралар өтті.

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов жиналған тұрғындарды айтулы күнмен құттықтады. Сонымен қатар СҚО-да 180-нен астам этнос өкілі тату-тәтті тұратынын атап өтті.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ


Мерекелік іс-шараға ұлттық киім киген ақ жаулықты әжелер, шапан киген қариялар жиналып, ұлттық тағамнан дәм татып, бір-бірлеріне ізгі тілектерін арнады. Айта кетейік, «Көрісу күні» - жарқын наурыздың жаршысы.

ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН, СҚО ҚХА АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ


Көрісу күнін немесе амал мерекесін еліміздің батысы сән-салтанатымен атап өтеді. Қазіргі таңда мерекені еліміздің басқа аймақтары да тойлайтын болған.