Заманауи техника мұз кептелісін, судың бағытын анықтап, жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Төтенше жағдай департаменті табиғи апат кезінде жұмыс істейтін техниканың әзірлігін көрсетті. Мамандар болжамынша Петропавл қаласы мен 3 ауданда тасқын қаупі жоғары. Жалпы облыс бойынша 116 елді мекен бақылауға алынды. Келер аптада құтқарушылар тобы мен қажетті техника қауіпті аймақта тұрған аудандарға аттанады. Былтырғы тасқыннан кейін төтенше жағдай департаментінің техника паркі толықтырылған болатын. Жуырда Қарағанды қаласынан 50 әскери мен дәл осынша техника жеткізілді.
СНХ: ДӘУРЕН ТАУБАЕВ, СҚО ТЖД БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
Облысымызда 1900-дан астам жеке құрам мен 1400-ден астам күш-құралдар дайындыққа келтірілді. 16 наурыздан бастап, Уәлиханов, Мүсірепов аудандарына топтар уже жөнелтілетін болады.