Облыс орталығында Ұлттық экономика министрлігі, Біріккен ұлттар ұйымы және Зерттеу институтының ұйымдастырумен семинар өтті. Екі күндік жиынның мақсаты - әр аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына сәйкес, даму көрсеткіштерін анықтау. Соған қарай, Қазақстанның орнықты даму жолында қандай жетістіктерге жеткенін және әлі қандай жұмыстар атқару керектігін талқылау.

БҰҰ-ның қабылдаған жобасына сәйкес орнықты даму бағыттары 17 сала бойынша қаралады. Оның ішінде 200 индикатор бекітілген. Семинарға жергілікті атқарушы органдар, бизнес, азаматтық қоғам және департаменттер өкілдері жиналды.

НҰРТУҒАН ОРАЛБАЕВ, ҚР ҰЭМ «ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ» АҚ ОРНЫҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ ХАТШЫЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Семинардың бірінші күнінде орнықты даму мақсаттарын локализациялау бойынша өтсе, екіншісінде ерікті ұлттық шолу жобасын талқылайды.

ҚУАНЫШ САДЫҚОВ, ҚР ҰЭМ ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫ, ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ОРГАНДАРДЫ ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ


Жалпы, семинар еліміздің әр облысында ұйымдастырылып келеді. Нәтижесін жазда Қазақстан Нью-Йорк қаласында осымен 3-ші ерікті ұлттық шолуында ұсынады.