Петропавлда 58 жастағы әйелге ота жасалып, оның өт қабынан тауық жұмыртқасындай болатын тас алынды. Көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына сырқат қатты ауырып келген. Ол ішінің жоғарғы бөлігі ауырып, жүрегі айнитынын, аузына ащы дәм келетінін айтқан және жалпы әлсіздікке шағымданған. Айтуынша, бұл симптомдар майлы және қуырылған тағамдар жегеннен кейін пайда болып, бір тәулік бойы басылмаған.
ЗКТ: Дәрігерлер тексеру барысында оның өтінде тастардың барлығын анықтады. Тастардың бірінің үлкендігі тауық жұмыртқасындай болған.
Дәрігерлер шұғыл операция жасау туралы шешім қабылдады. Ота бір жарым сағатқо созылып, сәтті аяқталды. Өт қабынан бірнеше тас алынып, дерттің асқыну қаупі жойылды. Қазір науқас үйінде, тәуір болып келеді.