8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Петропавлда мерекелік жиын өтті. Бүгіндері облыс орталығында түрлі салада жұмыс істеп, өңірдің өркендеуіне үлес қосып жүрген қыз-келіншектер марапатталды. Оларға Петропавл қаласы әкімінің грамота және алғыс хаттарын табыс етлді.

Салтанатты жиынға жүзге тарта қыз-келіншек шақырылды. Мінберден айтылған ыстық ықылас, жылы лебіздердің барлығы тек осы жандар үшін. Олар тек қамқор ана, аяулы жар ғана емес сонымен қатар кәсіби салада да еңбегімен көзге түсіп, қоғамның дамуына сүбелі үлес қосып жүрген жандар..

СНХ: МАРЛЕН САНДЫБЕКОВ – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ


Мереке қарсаңында түрлі салада еңбек етіп жүрген арулар кәсібилігі мен жеке қасиеттері үшін қала әкімінің марапаттарынақа бөленді.

Қазіргі таңда қай саланы алып қарасақ та әйел қауымы ер азаматтармен тең дәрежеде қызмет атқарып келеді. Сондай жандардың бірі Гүлнар Стельма. Ол тамақ өндірісі саласында еңбек етеді.


СНХ: ГҮЛНАР СТЕЛЬМАХ - «СҰЛТАН» АҚ ШЕБЕРІ 


Салтанатты іс-шара соңы аруларымыздың құрметіне ұйымдастырылған шығармашылық концертке ұласты.

Самат Есмағи, Наталья Айтова, Еран Махметов жаңалықтар қызметі