Солтүстік Қазақстан облысында гендерлік теңдік пен отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізілІП КЕЛЕДІ. Әйелдердің қоғамдағы рөлін күшейту, олардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту және отбасылардың құқықтарын қорғау мақсатында бірнеше маңызды жоба жүзеге асырылуда.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жанынан Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмыс істейді. Оның құрамында бизнес, саясат, білім және денсаулық сақтау салаларында табысты еңбек етіп жүрген әйелдер бар. Кейбірі ана болу жауапкершілігін кәсіби қызметімен ұштастыра отырып, қоғамға өз үлесін қосуда. Бұл бастамалар әйелдердің әлеуметтік белсенділігін арттырып, олардың жағдайын жақсартуға және тең мүмкіндіктер қалыптастыруға ықпал етеді.
СНХР: СӘУЛЕ СҰРАҒАНОВА, ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ МҮШЕСІ
Мемлекеттік тапсырыс аясында отбасылық құндылықтарды дамыту және әйелдерді қолдау бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Солардың бірі – «Әйелдер көшбасшылығы мектебі». Бұл жоба аясында қатысушылар басқару және кәсіпкерлік дағдыларын меңгереді.
СНХР: СӘУЛЕ СҰРАҒАНОВА, ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ МҮШЕСІ
Жобаның негізгі мақсаты – әйелдердің көшбасшылық қасиеттерін дамыту және оларды қоғамдық өмірге белсенді араластыру болды.
Сонымен қатар, қиын жағдайға тап болған әйелдерге қолдау көрсету мақсатында өңірде Әйелдерді қолдау орталығы жұмыс істейді. 2024 жылы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен 7 әйелге әлеуметтік жәрдемақы рәсімдеуге көмек көрсетілді, ал 2 әйел тұрақты жұмысқа орналасты.