Петропавлдағы Достық үйінде «Туған жерім – Қазақстаным» атты концерт өтті. ҚХА-ның 30 жылдық мерейтойына арналған іс-шараға жиналған қауымға орталықтың құрылу тарихы, даму кезеңі мен жеткен жетістіктері баяндалды. Ән шырқалып, би биленді.
Жиынға келген қонақтар үшін сурет көрмесі ұйымдастырылған. Сондай-ақ, кіреберісте келгендерге құрт үлестірілді. Алғыс айту күніне орай осыдан бірнеше апта бұрын облыс өнерпаздарының арасында шығармашылық сайыс өткен болатын.. Бүгін байқаудың жүлдегерлері мен жеңімпаздары марапатталып, өнерлерін ортаға салды.
ДЕНИЭЛ ЭДИЛОВ, "ВАЙНАХ" ШЕШЕН-ИНГУШ ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
- Бізде билеуге деген ерекше ынта қанмен берілетін сияқты. Би десе ішер асымызды жерге қоямыз. Өзім бұл орталықтың құрамында бала кезімнен бері бармын. Бүгін топпен және жұппен билейміз. Өнерімізді көрермен жәнен қазылар алқасы жоғары бағалайды деп сенемін.
Облыстық ҚХА мен аудандық этномәдени ұйымдар өкілдерінің арасындағы байқау онлайн түрде өткен.
БЕРІКБОЛ ДҮЙСЕНБАЙҰЛЫ, АЙЫРТАУ АУДАНЫ АҚАН СЕРІ АТЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ДӘСТҮРЛІ ӘНШІСІ:
- Әр ұлттың береке-бірлігі нығая берсін. Сыйластығымыз тереңдей берсін деп тілегім келеді. Сайысқа 2 ән жібергенбіз. Нәтижесінде байқаудың гран-придің иесі болып отырмын. Бұл еліміздің тәуелсіздігіміз бен бейбітшілігіміздің арқасы деп санаймын. Қазіргі концертке қатысып ән айтуымның өзі бір мәртебе деп санаймын. бүгінгі жиында айтатын боламын.
Алғыс айту күні – халқымыздың ынтымақшылдығы мен достастығының символы, қонақжайлылығының көрсеткіші ретінде атап өтіледі.