Ислам әлемі үшін қасиетті, берекеге толы, он екі айдың сұлтаны саналатын Рамазан айы наурыздың 1-нен басталды. Ораза тұту - игі мұсылман қауымының бес парызының бірі. Жалпы «ораза» сөзінің мағынасы - бір нәрседен алыстау, белгілі бір уақыт аралығында ішіп-жеуден, нәпсі қалауларынан тыйылу дегенді білдіреді.

Пiтiр-садақа құны БИЫЛ 655 теңге болып бекітілді. оны Рамазан айының басынан Айт намазына дейiн беруге болады. Биыл қасиетті «Қадір түні» наурыздың 26-нан 27 не қараған түніне келсе, наурыздың 30-ы-Ораза айт мерекесі тойланады.

«Рамазан - жақсылық айы. Оразада жасалған әрбір жақсы амалдың сауабы еселеніп жазылады.

ХАМЗАТ ӘДІЛБЕКОВ - СҚО БАС ИМАМЫ:

- 28 ақпан кешке ақшам намазынан кейін Рамазан айы келіп жетеді. Алғашқөы тарауық намазы 28 ақпанда оқылатын болады. Ең соңғы күн 29 – күні. Алла қаласа оразаны осы күні тәмамдаймыз.