Өңірге жұмыс сапары барысында Олжас Бектенов облыстың бизнес-қауымдастығымен кездесті. Жиында бизнес өкілдері мен кәсіпкерлерге салық жүйесі саласындағы реформа туралы айтылды. Солтүстікқазақстандықтар кездесуде өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.

Қосымша құн салығын 16% - ға дейін арттыру бюджетті теңестіруге мүмкіндік береді және Қазақстанның экономикалық өсуін жеделдету үшін негізгі фактор болады. Ұлттық экономика вице-министрінің айтуынша, салық реформасы жалпы ішкі өнім өсімін жеделдетуге мүмкіндік береді.

АНАТОЛИЙ РАФАЛЬСКИЙ "ҚАЗАҚСТАННЫҢ АСТЫҚ КОНСОРЦИУМЫ" МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Менің ойымша, барлығы мұқият ойластырылып, мемлекет пен кәсіпкерлердің мүдделері ескеріледі. Сонымен қатар, бүгін маңызды бір мәселе айтылды – қосымша құн салығының (ҚҚС) көтерілуінен түсетін қаражат қайтадан бизнеске, инфрақұрылымды дамытуға және жергілікті жобаларды қолдауға бағытталады. Бұл өте дұрыс шешім, өйткені ол үкіметке де, бізге де алға жылжуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік кірістер 10 жылдан астам уақыт бойы бюджет шығындарын жаппай келеді. Ол үшін Ұлттық қор қаражаты пайдаланылады. Алайда, бұл тәсіл болашақта бюджеттік жүйенің тұрақтылығына қауіп төндіреді. Облыс кәсіпкерлері бұл пікірді қолдайды.

ДӘУРЕН ҚАТРАНОВ "РАДУГА" ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Жалпы, менің ойымша, өңірлерге осындай сапар жасау – дұрыс әрі орынды шешім. Себебі қазіргі таңда ақпараттық ағын тым көп, соның ішінде жалған немесе дұрыс емес мәліметтер де бар. Бүгін бізге жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде үкіметтің стратегиясы туралы белгілі бір түсінік қалыптасты. Сонымен қатар, дифференцияланған тәсілдің мәні және үкіметтің бұл мәселеге қандай көзқараспен қарайтыны айқынырақ бола түсті.

Премьер-министр атап өткендей, көптеген мәселе бар, олар өңірлерде ұқсас. Барлық ұсыныстар егжей-тегжейлі зерттеледі. Жаңа Салық кодексі бизнес үшін түсінікті және қарапайым болуы керек.