Биыл елімізде Жасанды интеллектіні дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Осыған орай С. Мұқанов атындағы СҚО әмбебап ғылыми кітапханада “Кітапхана қызметіндегі жасанды интеллект” атты облыстық семинар-практикум өтті. Іс-шараға облыстан 60-қа жуық кітапхана саласының мамандары қатысты. Бұл туралы әріптесім Әсем Кенжеболатованың бейнематериалында.

Қазіргі таңда жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар бүкіләлемдік деңгейде кітапхана саласында да кеңінен қолданысқа еніп отыр. Кітапханалар тек кітап беретін орын болып қана қоймай, оқырман ақпарат алатын, бірлесе жұмыс істейтін, ойын, білім, ғаламторды ұштастырған заманауи орынға айналған. Қазіргі таңда жастарды білімге баулып, оқулықтарға деген сұранысты арттыру мақсатында оқырман үшін түрлі жағдай жасалған. Еліміздің бірнеше кітапханаларында нейро-ассистент іске қосылған. Ол уақытты айтарлықтай үнемдейді. Мамандардың айтуынша, жасанды интеллект бірнеше секундтың ішінде ақпаратты өңдеп, оқырман сұрақтарына дереу жауап беріп, қажетті ақпаратты табуға көмектеседі.

ИВАН БУХОНИН – СҚО ІТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ:

- Бұл кітапханада бізде бизнес-клуб бар. Біз онда бірнеше әдісті қолданамыз, кітаптарды жасанды интеллект арқылы оқимыз. Және тұрғындар гугл платформасы арқылы қандай да бір ақпарат іздесе, көптеген сілтемелерден өтуі керек. Нәтижесинде, өздеріне қажет сұрақтың жауабын табу үшін уақыт жоғалтып алады. Ал жасанды интеллект арқылы тек бір сайтқа кіріп деректердің дәлдігін тексеру үшін сілтеме алады. Адамдарға өте қолайлы.

Ал Уалиханов ауданы «Кітап қоры және әдебиетті өңдеу» бөлімінің кітапханашысы Жанаргүл Мүшелбай жасанды интеллект туралы бұрыннан ізденіп жүргенін, іс-шараның өте пайдалы болғанын айтты. Ол жиын барысында жасанды интеллектіні пайдалану бойынша алған білімінің жұмыста пайдаға асатынына сенімді.

ЖАНАРГҮЛ МҮШЕЛБАЙ – УӘЛИХАНОВ АУДАНЫ «КІТАП ҚОРЫ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТТІ ӨҢДЕУ» БӨЛІМІНІҢ КІТАПХАНАШЫСЫ:

- Семинардың бізге ерекше беретін бір түрі біз өзіміздің күнделікті жұмысымызға пайдалана аламыз. Пайдаланғанда бізге қаншалықты маңыздылығын барлық оқырмандармен тығыз байланысып жұмыс жасауға ерешке маңызды деп ойлаймын. ЖИ біз бүгінгі таңда қолданып келе жатырмыз. Бүгінгі семинарда одан да ерекеше қолдануға мүмкіндік аламыз деген ойдамын.