Биыл 5 сәуірден бастап мопедтерді механикалық көлік құралдарына теңестіретін заңнамалық түзетулер күшіне енеді. Қаңтардың 18-нен ақпанның 11-ін қоса алғанда мопедтерді тіркеу жөнінде 174 өтініш келіп түскен. Оның 171-і тіркеуге алынды. Бұл туралы өңірлік коммуниуациялар қызметі алаңында өткен брифингіде айтылды.

Мопед жүргізушісі техникалық тексеруден, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандырудан өтіп, А1, А санатындағы жүргізуші куәлігіне қол жеткізуі керек. Көлік түрін тіркеу үшін ХҚКО-на жеке басын куәландыратын және мопедтің техникалық құжатын апарып, өтініш толтыруы тиіс. Полиция департаменті 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтерді пайдалану және оларды жүргізуші куәлігінсіз жүргізуге тыйым салынатынын еске салады.

ҚАЙРАТ СЕЙІТҚҰЛОВ, СҚО ПД ПРОЦЕССИНГТІК ОРТАЛЫҚ БАСТЫҒЫ:

- Петропавл қаласында және СҚО полиция департаменті бөлімдерінде мопедтерді қарап тексеру жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алыс шалғайда орналасқан елді мекендерге барып, тексеріс жұмыстары жүзеге асуда. Әлеуметтік желілерге күнделікті мониторинг жүргізіліп,оның барысында мопедтерді тіркеу барысында сұрақтар келіп түскен кезде желі қолданушыларына жауап беріледі.