Өңірдің ірі кәсіпорындарының бірі «Радуга» серіктестігі, кезекті рет өндіріс көлемін ұлғайтты. Металл-пластик зауыты екі жаңа желіні іске қосты.   «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылған жоба қосымша 6 жұмыс орнын ашуға мүкіндік берді.   

 «Радуга» серіктестігі 2002 жылдан бері пластик бұйымдарын шығарып келеді. Қазіргі уақытта кәсіпорын тұтынушыларға 120-ға жуық түрлі өнімді ұсынған. Бір айда зауыт халық күнделікті тұтынатын  200 млн теңгенің  бұйымын  шығарады.  Енді өндіріске қажет пластик бөтелкелердің дайындамаларын да жасай бастады.

АЛЕКСЕЙ ВОРОПАЕВ,  «РАДУГА» ЖШС МЕТАЛЛ-ПЛАСТИК ЗАУЫТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Бұған дейін бөтелке жасауға қажет дайындамаларды сатып алып отырдық. Енді өзіміз шығарамыз. Біздің сұйық сабын, ыдыс жууға арналған сұйықтықтарымыз бар, олар осындай бөтелкелерге құйылып сатылады. Бұл  өнімнің өзіндік құнын арзандату үшін керек. Оған қоса жаңа желі қосымша екі жұмыс орын берді.

Қарапайым заттар экономикасы бағдарлама аясында серіктестік пайыздық ставкасы субсидияланған  270 млн теңгегенің несиесін ресімдеді. Бұған қоса өздері де инвестиция құйып,  полимерлі люктарды жасайтын қондырғы сатып алды. Жаңа желіні орнату үшін бөлек цех те тұрғызды.

АЛЕКСАНДР ПИЛИПУШКО, «РАДУГА» ЖШС МЕТАЛЛ-ПЛАСТИК ЗАУЫТЫНЫҢ ТЕХНОЛОГЫ:

- Жер астындағы коммуникацияларға қажет және кәріз жүйесінің лютарын шығара бастадық. 1,5, 15 және 25 тоннаға дейін көтеретін қақпалардың түрлерін жасаймыз. Өндірісте қайта өңделген пластик гранулалар мен құм  шикізат ретінде қолданылады. Айына шамамен 400-500 люк шығаруды жоспарлап отырмыз.

Құрылғыда бір ауысымда екі адам жұмыс істейді. Жалпы жаңа цех 4 адамды жұмыспен қамтыды. «Қарапайым заттар эконгомикасы» бағдарламасы өңір кәсіпкерлерінің арасында үлкен сұранысқа ие. Облыстағы өзге де ірі кәсіпорындар оның арқасында өндірісін кеңейтіп үлгерді. Араларында   Петропавл электр-техникалық зауыты, "Молпродукт", Масло-Дел» серіктестіктері, «султан» АҚ және тағы басқалары бар. Қазір жобалау кеңсесі 56,7 млрд теңгенің 189 жобасын мониторингке алған. Оның 187-сі қаржыландырылып, 2-еуі мақұлданды.