Дәмді тағам дайындап, жақсы табыс табу – кез келген жас аспаздың арманы. Қажетті әрі сұранысқа ие мамандықты жоғары кәсіби құрылыс-экономикалық колледжінде үйретеді. Бұл оқу орны жыл сайын 60-тан астам түлекті даярлап шығарады.
Аспаздық – ең қадірлі де қажетті мамандықтардың бірі. Себебі аспазсыз өмірдің сәні де, дәмі де жоғалады. Осы мамандықтың қыр-сырын меңгеріп жүрген «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының 2-курс студенті, технолог Татьяна Дундукова да бұл пікірмен толық келіседі.Оқу барысында студенттер түрлі тағам дайындау шеберлігін, соның ішінде жұмсақ, дәмі тіл үйірер тоқаш пісіруді де жетік меңгеруде.
ТАТЬЯНА ДУНДУКОВА, ЖОҒАРЫ КӘСІБИ ҚҰРЫЛЫС-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ:
- Мамандығымды таңдаған себебім – бұл салаға деген қызығушылығым бала кезден басталды. Мен бұл таңдауды саналы түрде жасадым. Қазіргі уақытта 2-курста оқимын, кондитерлік және аспаздық өнерге қатысты барлық нәрсені үйренудеміз.
Оқу орны жыл сайын шамамен 65 түлек дайындап шығарады. Барлық жас мамандар технолог, аспаз, кондитер-декоратор сияқты сұранысқа ие мамандықтар бойынша жұмысқа орналастырылады. Көптеген студенттер өздерінің тұрақты жұмыс орнын өндірістік тәжірибе барысында-ақ тауып жатады. Дуалды оқыту жүйесінің нәтижелі болуына әлеуметтік серіктестердің қолдауы айтарлықтай үлес қосуда.
САЙРАН ХАМЗА, «СҚО РЕСТОРАТОРЛАР МЕН ҚОНАҚ ҮЙЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ:
- Біздің саладағы ең күрделі мәселелердің бірі – кадр тапшылығы. Біз колледжбен 2008 жылдан бері тығыз байланыстамыз. Бірінші курстан бастап студенттермен бірге жұмыс істеп, тәжірибе ұйымдастырамыз және міндетті түрде олардың жұмысқа орналасуына көмектесеміз. Биылғы жылдың «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жариялануы біз үшін үлкен қуаныш. Тек біздің салада ғана 50-ге жуық бос жұмыс орны бар.