16 қаңтар күні таңертең Петропавлдағы «Жастар» стадионы өртке оранды. Спорт кешенінің гаражынан басталған қызыл жалын аз уақыттың ішінде жабық футбол алаңына дейін жеткен.
Ғимараттан көтерілген қара түтін қаланың әр тұсынан көрініп, тұрғындардың алаңдаушылығын туғызды. Куәгерлердің сөзінше, күйген иіс жақын маңайда орналасқан шағынаудандарға сезілБұл қаламыздағы жалғыз жабық футбол аренасы. Мұнда 500-ге жуық бала футбол секциясына қатысқан.
АЙСАРЫ ШАКИРОВ, «ҚЫЗЫЛЖАР» ЖАСТАР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
- Гараждың өртеніп жатқанын көрдім. Онда тұрған екі трактор мен «Газель» көлігі жаныпе кетті. Жанында футбол аренасы бар еді. Ол футбол ойынына арналған. Өрт енді басталғанда балалар келіп жатқан. Киім ауыстыратын бөлмедегі отты көріп , тез арада барлығы эвакуацияланды. Ішінде ешкім болмады. Зардап шеккендер жоқ.
Футбол аренасы 2018 жылы салынған. Мұнда 8 бен 17 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар келіп жүретін. Қазір спорт нысанының қаңқасы ғана қалған. Нысанның ауданы 2 мың шаршы метрден асады.
МАРАТ СЫЗДЫҚОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Өртті сөндіру кезінде әкімшілік ғимаратта қап-қара түтін пайда болды. Манеж арқылы өтетін жылу өткел бар еді. Түтіннің барлығы ғимараттың ішіне кеткен. Өртпен күресуге 16 техника мен 60-қа жуық адам жұмылдырылды. Қызыл жалын сағат 9-дан 21 минут кеткенде сөндірілді.
Бұл Петропавлдағы жыл басынан бері сөндірілген 2-ші ірі өрт. Еске сала кетейік, 10 қаңтар күні сауда үйі өртен болатын.